«Бүгін, 9.20-да өртсөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім территориясында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды», – деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілдері.