Әлеуметтік қызмет көрсететін портал іске қосылады
Әлеуметтік қызмет көрсететін портал іске қосылады
467
оқылды

«Бұл портал мүгедектігі бар азаматтарға өз бетінше, мемлекеттік сатып алусыз, өзінің жеке қажеттілігін ескере отырып, керекті техникалық оңалту құралдарын және қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, мүгедектігі бар азаматтар құқын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс министрліктің маңызды басымдығы», – деді ведомство басшысы.

Министрдің дерегіне сүйенсек, Қазақстанда шамамен 680 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның 418 мыңы еңбекке жарамды жастағы азаматтар   (61,5%), 87 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (12,8%). 2018 жылы оларды әлеуметтік қорғауға республикалық бюджеттен 294,2 млрд теңге көзделген.

«2018 жылдың шілдесінен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар кәмелеттік жасқа толған азаматқа күтім жасау бойынша жаңа жәрдемақы енгізілді. Алдағы шілдеден бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар 18 жасқа толған азаматтар күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар көбейеді. 100 мың азаматқа берілетін жәрдемақы мөлшері 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін өседі», – дейді министр.