«24 маусымда Түркістан облысының Арыс елді мекенінің жанында орналасқан ҚР ҚК арсеналдарының бірінде оқ-дәрілердің сақталған ғимаратта өрт шықты. Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілді, Қарулы Күштер жеке құрамының күшімен салдарын жою және азайту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды» делінген хабарламада.
Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді: тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72