Жастарға зор мүмкіндік
Жастарға зор мүмкіндік
359
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты міндеттер қойды. Негізгі мақсат – халық­тың әл-ауқатын көтеруге әкеле­тін экономикалық дамудың ұзақ­­мерзімді міндеттерін іске асыру.

Облыс әкімі Оңдасын Ораза­лин бағдарламаның ма­ңыз­­дылы­ғына тоқталды.

– Біздің мақсатымыз – бағдар­ла­маны түсіндіру ғана емес, соны­мен қатар қойылған міндеттерді шешуге белсенді қатысу. Мінде­тіміз – жеткен жетістіктерді сақтау және көбей­ту, даму мен жа­сам­паз­дық жо­лын­да алға батыл қадамдар жасау. Ақтөбеліктер ортақ іске өз үлестерін қосаты­нына сенім­ді­мін, – деді партия­ның Ақтөбе облыс­тық филиа­лының төраға­сы Оңдасын Оразалин.

Партияның Саяси кеңесінің мүшесі Тақталифум Есенғұлов Президент алға қойған он мақ­сатты атап өтті. Алдағы уақытта 1 085 адам арнайы білім алып, жұ­мысқа орналасады.

– Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмысын жақсарту мен табысын арттыруды көздеп отыр. Егер біздің өңірді алсақ, одан ары экономикалық өсу үшін барлық жағдай бар. Жаңа өндіріс орын­дары ашы­лып, жұмыс орын­дары құрылуда. Өңдеу өнер­кә­сібінің өсімі – 5,9 пайыз, ал инвестиция 10,7 па­йыз­ға жетеді деп күтілуде, – деді Тақталифум Есенғұлов.

Облыстық қоғамдық штаб жанынан алғаш рет құрылған Team Qazaqstan жастар қанаты­ның мүшесі Артем Райзих Прези­денттік кадрлық резерві­нің жа­сақталуы жастарға зор мүмкін­дік екенін атап өтті.

– Үгіт-насихат кезінде 188 мың ақпараттық материал 100 пайыз таратылды. 529 сайлау учаскесінде 1 179 бақылаушы өздеріне жүк­тел­ген міндеттерді толығымен орын­дады, – деді облыс­тық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова.

Атап өтер жайт, 143 499 адам­ның қатысуымен 665 іс-шара өткен. Сенімді өкілдер 8 495 іс-шара ұйымдастырды.

Жиын соңында сайлауға бел­сен­­ді қатысқан ақтөбеліктер ма­ра­­патталды.