Украина президентіне карантин кезінде кафеге барғаны үшін айыппұл салынды
Украина президентіне карантин кезінде кафеге барғаны үшін айыппұл салынды
©Украина президентінің кеңсесі
267
оқылды
Украина президенті Владимир Зеленскийге, оның кеңсесінің басшысы Андрей Ермакқа, елдің бас санитар дәрігері Виктор Ляшкоға және басқа да шенеуніктерге әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды LIGA.net. Владимир Зеленский карантин ережесін бұзған. Ол Хмельницкий қаласында кафеге барып, кофе ішкен. Оған айыппұл салынғанын президент Черниговтегі брифингте журналистерге мәлімдеді.
"Масканы шешуге болады, солай жақсырақ естіледі. Әйтпесе, Хмельницкийдегідей болып, маған айыппұл салады. Оны дұрыс істеді", - деді президент брифинг басында.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік хаттама кофе қожайыны мен оған келген қонақтардың үстінен толтырылған. Карантин ережесін бұзғандарға 17 мыңнан 34 мың гривенге дейін айыппұл салынады. 3 маусымда Зеленский кеңсе мүшелерімен Хмельницкийде кафеге барып, кофе ішкен. Ол кезде кафелердің жұмыс істеуіне тыйым салынған еді. Зеленский карантин ережесін бұзса, айыппұл төлеуге дайын екенін айтқан.