Жазғы мектеп басталды
Жазғы мектеп басталды
356
оқылды

Шымкент қаласындағы Дос­тық үйінде өтетін жазғы мек­тептің жұмысы 30 маусымға де­йін жалғасады. Жазғы мектепте дәріс беретін лекторлар мен тре­­нерлер қатарында ҚХА өкіл­дері, Орталық Азия өңіріндегі эт­носаралық және конфессияа­ра­лық қатынастарды зерттеу ор­та­лығының мамандары, отан­дық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, дінтану және теология мамандары, медиа-тренерлер мен бизнес-кеңес­шілер қатысады. Жазғы мектеп облыстар мен республикалық маңызы бар үш қаланың жас мемлекеттік қызметшілері мен ҚХА этномәдени бірлестік­те­рінің жас көшбасшыларына арналып отыр.

Жазғы мектеп жұмысы ке­зінде тыңдаушылар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.На­зар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық ма­қалаларында көрсетілген мін­деттердің мәнін ашып көрсету; Жастар жылы аясында жас мем­лекеттік қызметшілердің қо­ғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуде мем­лекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша тың­даушыларды кәсіби білімі мен дағдыларын арттыру; медиа­цияның келіспеушілік дауларын шешудің баламалы тәсілі ретін­дегі рөлімен танысады. Тыңдау­шылар бәсекеге қабілетті тұлға­ның негізгі дағдысы – көпшілік алдында сөз сөйлеу технология­сын да осы мектепте меңгереді. Қоғамдық қатынастардағы діни ағымдарды қарастыру және дес­труктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл әдістерін анық­тап, қо­­ғамдық және этносаралық ке­лі­сім мәселелері бойынша тәжі­рибе алмасады.

 

Айдана БЕГІМ