Полиция департаментіне – 86 арнайы көлік
Полиция департаментіне – 86 арнайы көлік
334
оқылды

Қарағанды облысының поли­ция департаментінің бастығы, по­­­лиция полковнигі Ерлан Фай­зул­линге Қарағанды облысының әкі­мі Ерлан Қошанов жаңа арнайы ма­шиналар­дың кілттерін табыс етті.

Салтанатты шара 23 маусымда елі­­міз бойынша атап өтілетін Қа­зақ­­стан полициясы күніне орай­лас­ты­рылды.

– Еліміздің әр азаматының тұ­рақ­­тылығы мен тыныштығы – сіздердің ерен еңбектеріңіздің нә­ти­же­сі. Тұрғындар әртүрлі өмір­лік жағ­дайларда бірінші кезекте сіздерге жү­гінеді. Күндіз де, түнде де сіздер ал­дыңғы қатардасыздар, – деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қо­шанов сөзін­де.

Өңір басшысы құқық қорғау ор­гандарына нәтижелі және же­міс­ті еңбек тіледі.

Облыс әкімі егеменді Қазақ­стан­­ның барлық жетістіктері тәр­тіп сақшыларымен тығыз бай­ла­ныс­ты екенін атап өтті. Пре­зи­дент­тің тапсырмасы бойынша өңір­де полиция департаменті бө­лім­шелерінің материалдық-тех­ни­калық базасын нығайту бойынша тиім­ді шаралар қабылдануда. Бірін­ші кезекте ол планшеттер, бей­нетіркеуіштер, процессорлар мен арнайы көліктер.

– Бүгінгі күні қылмыс дең­гейі­нің төмендеуі 25 пайызды құрай­ды. Жер­гілікті биліктің қол­дауы жұ­мы­сымызды жақсарту­ға көмек­те­седі. Біз бұған өте ризамыз, – деді Қа­рағанды облысы полиция де­пар­таментінің басшысы Ерлан Файзуллин.

Жаңа автокөліктерде жол по­лицейлері мен жергілікті по­ли­ция бөлімшелерінің қызметкерлері жүретін болады.

Kia Cerato және Lada-URBAN ма­шиналарын тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алу және ашу үшін пайдаланатын болады. Әр­қайсысы дабыл құрылғылармен, радиостанциялармен және бей­нетіркеуіштермен жабдықталған. «ГАЗ-2705» автокөліктері қамауға алынған адамдарды тасымалдауға арналған.

Салтанатты рәсімнен кейін кө­ліктер қызмет атқару орын­дары­на шықты.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы