Маңғыстаулық шенеунік пара ретінде ас үй жиһазын алған
Маңғыстаулық шенеунік пара ретінде ас үй жиһазын алған
239
оқылды
Маңғыстау облысының шенеунігі пара ретінде жиһаз алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. Пара алды деген күдікке Мұнайлы ауданы әкімдігі азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастығы ілінген.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ол жеке кәсіпкерден пара алғанын мойындаған. Құжаттарды жылдамырақ беру үшін шенеунік ас үй жиһаздарын алған.
Тергеуге байланысты бұл іс туралы басқа ақпарат жарияланған жоқ. Күдіктіге қатысты нақты шешімді сот шығарады.
https://www.youtube.com/watch?v=jFb7EhBsIfQ&feature=emb_logo