Жатақхана ақысын қайтарып береді
Жатақхана ақысын қайтарып береді
272
оқылды
Салдарынан жатақханада тұратын студенттер үйлеріне қайтты. Араларында студенттер үйінде тұру ақысын жыл бойына төлегендері бар. ­Студенттердің жатақхана ақысын қайтарып беру туралы мәселе бірнеше рет сөз болды. Жоғары оқу орындарының академиялық дербестік алға­нын ескеріп, университет бас­­шылығына қоңырау шал­дық. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқу ісі және оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Еркін Нұрсағатқызы жағдайды түсіндіріп берді. «4 курс студенттерінің жатақ­ханада тұру ақысын қайтарып бердік. Ал 1-3 курс студенттеріне ұсыныс тастадық. Мәселен, келесі жылы жатақханаға 8 айға ақша төлеп, қалғанын студенттер үйінде тұрмаған 2 айымен өтеуге болады», – дейді Еркін Нұрсағатқызы. Өз кезегінде Сүлеймен Демирел атындағы университет те 16 наурыз бен 31 мамыр ара­лы­ғындағы жатақхана ақысын қайтаратынын мәлімдеді. Бұл қаражатты 2 мақсатта игеруге болады. Келесі оқу жылында жатақханада тұру ақысына,  оқу ақысына аудара аласыз. Сондай-ақ оқудан шығу немесе басқа оқу орнына ауысу жағдайында сома студенттің есепшотына түседі.  

Айбике ЖАНАСЫЛ