Павлодарда коронавирустан тоғызыншы адам қайтыс болды
Павлодарда коронавирустан тоғызыншы адам қайтыс болды
©Сурет интернеттен алынды
298
оқылды
Павлодар облысында коронавирустан қайтыс болған науқас - 1961 жылғы. Бұл туралы бүгін,  12 маусымда Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Адам өлімін зерттеу комиссиясы науқастың коронавирустан қайтыс болғанын айтты. Бұл коронавирусқа байланысты облыстағы тоғызыншы өлім. Жалпы, коронавируспен байланысты адам өлімі жағынан Павлодар облысы республикада төртінші орында тұр. Бірінші-Нұр-Сұлтан (14), екінші - Алматы (10),  үшінші Шымкент (10). Ал Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, COVID-19-дан 68 адам қайтыс болған.