Коронавирус күздің соңында тұмаумен бірге қайта тарайды
Коронавирус күздің соңында тұмаумен бірге қайта тарайды
©Сурет интернеттен алынды
195
оқылды
РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, коронавирустың екінші толқыны күзде басталатын көрінеді. Медицина ғылымдарының докторы, вирусолог Виктор Зуевтың айтуынша, SARS-CoV-2 тұмау секілді өтеді. Тек тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінде вирус пайда болады. "Біз тұмаумен жылына екі рет ауыратынымызды ұмытып кеттік: көктемнің басында және күздің соңында. Күздің соңында коронавирус тұмаумен бірге қайта тарайды. Шілде, тамыз және қыркүйекте бізге коронавирустың екінші толқыны келмейді", – дейді вирусолог. Оның айтуынша, коронавирустың тұмаудан ерекшелігі ол өте жұқпалы, бірақ уақыт өте келе коронавирус әлсірейді.