Жаңаға жол ашқан жаңғыру
Жаңаға жол ашқан жаңғыру
323
оқылды

Ішкі істер органы «Қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» атты Елбасы Жолдауы бо­йынша 2019-2021 жылдарға ар­налған Жол картасын әзірледі. Бұл құжат 2018 жылғы 27 желтоқ­сан­дағы №897 қаулымен бекітілді.

Жол картасы бойынша жаң­ғырудың 9 бағыты белгіленді. Соның ішінде ұйымдастыру, штат­тық құрылымды оңтайлан­дыру; еңбекақы төлеу мен қыз­меткерді әлеуметтік жағынан қорғау жүйесі; кадрларды іріктеу және даярлау мәселесі қаралды. Ведомстволық білім беру саласын жаңғырту, полицияны артық функ­циялардан арылту және тұр­ғындармен жұмыс істеудің жаңа үлгісін енгізді. Сон­дай-ақ жем­қор­лыққа жол бе­ретін себеп пен салдарды жою, қыл­мыс­тық тек­серуді күшейту мен аза­маттық қорғаныс органдарын жаңғыр­тудың жоспары құрылды.

Ұйымдастыру, штаттық құры­лымды оңтайландыру бойынша штат саны 10%-ке, 8 мың қызмет­керге дейін қысқарады. Басқару жүйесінде өзгеріс болады. Бас­қа­ру­шылардың орындаушыға шақ­қан­дағы үлес саны 1/5-ге дейін тө­­мендейді. Министрліктің орта­лық аппараты, ведомстволық және аумақ­тық полиция органы аппа­ра­ты бойынша 450 басшыны жұ­мыстан босату көзделген. Бос орын бюджеті қызметкерлердің лауазым­дық жалақысын көтеруге жұмсалады.

Бұдан былай ІІО-ның бар қыз­меткеріне сараптама жүргі­зі­леді. Нәтижесінде, құрылымдық жүйені күшейтуге жоспар құры­лады. Жол патрульдік полиция сап­тық бөлімшелерін қайта жа­сақтау, еңбек өнімділігін арттыру жолға қойылады.

Еңбекақы төлеу және қызмет­керлерді әлеуметтік жағынан қор­ғау жүйесін жақсартуға ай­рық­ша назар аударылады. Полиция қызметкерлерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің лауазымдық жала­қысы көбейеді. Кезектен тыс аттестаттаудан соң, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекақы көтеріледі.

Қызметкерлердің тұрғын үй мәселесін шешу – маңызды. Сон­дықтан бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Жалдамалы пәтерде тұратындарға өтемақы төлеу жүйесі енгізіледі. Бұл санат­қа жол патрульдік полиция бөлі­ністері қызметкерлері мен учас­келік инспекторлар кіреді.

Тұрғын үймен қамту меха­низ­мін жетілдіру үшін тұрғын үй тө­лемін беру қарастырылады. Со­нымен қатар жерілікті атқарушы органдармен бірге «7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында бастапқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесі шешіледі.

Ведомстволық білім беруді жаңғырту, кадрларды іріктеу, қайта даярлау біліктілік көтеруге жағдай жасайды. Нәтижесінде, қазіргі 12 оқу орнынан тек 5 ака­демияны күшейту қолға алынады. Бұл оқу жүйесіндегі тәртіп пен бәсекені күшейтеді.

Болашақта ІІМ ведомстволық оқу орындары негізгі іріктеу ор­талығы болады. Даярлау кезеңінде интеллектуалды білім берумен қатар үміткердің ерік-жігері зерт­теледі. Кезең криминалды жасақ пен тергеушілерге 6 ай, басқа қыз­­меттегілер үшін 3 айға созы­ла­ды. Сондай-ақ карьера баспал­дағы үшін оқыту жүйесі бар. Мы­салы, тәжірибесіне қарай қала­лық, ау­дан­­дық орган басшылығы ла­уа­зы­мына оқыту қарас­тырыл­ған. По­лиция басқарма басшы­лары ары қарай қызметте өсуі үшін ве­дом­стволық дипломы бо­луы керек.

Құжаттарды қабылдау ІІМ-нің ресми web-порталы арқылы жүр­гізіледі. Әңгімелесуден сәтті өт­кен және норматив тапсырған үміткерлерді тыңдаушылар қата­ры­на қабылдау келісімшарты жа­салады. Осындай іріктеу жүйесі қолданыстағы заңнамаларға тиіс­ті өзгертулер енгізілгеннен кейін кезең-кезеңімен жүреді. Қазіргі таңда ІІО қызметіне 1 200 үміткер таңдалды. Олар жаңа бағдарлама бойынша оқитын болады.

2019 жылдың бірінші жар­тыжылдығында полицейлердің кезектен тыс аттестациясы өтеді. Аттестацияға барлық полиция қызметкері мен 20 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлер қатысады. Олар дене шынық­ты­рудан және атудан норматив тап­сырады. Заңнаманы білуі мен ло­гикалық ойлау қабілетін тек­се­ретін тестілеуден өтеді. Сонымен қатар әңгімелесу кезеңі бар.

Жол патрульдік полиция, заңсыз көші-қонға қарсы күрес және айдауыл қызметіндегілер аттестацияға қатысады. Басқа қыз­меттегі 20 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкер дене шы­нық­тыру нормативінен босатылады. Қалған қызметкерлер аттес­тация­ны бірыңғай тапсырады.

Өңірлік бөлімшелерде тұр­ғындарды қабылдауға арналған фронт-офис құру жұмысы бастал­ды. Стандартты үй-жайды қоғам жылы қабылдайды деген сенім бар. Халықпен интерактивті түрде байланыс орнату, мобильді қо­сым­ша әзірлеу және қолданысқа енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жүйе арқылы азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері (фото, бейне) туралы хабарлай ала­ды. Кері байланыс орнатылады.

Полицияны бағалау өлшем­де­ріне түбегейлі өзгеріс енеді. Мұн­да халықтың қауіпсіздік деңгейі мен полицияға деген сенімінің артуы басты критерий болады. Халықтың полицияны бағалау критерийіне әлеуметтік зерттеу жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлықтың се­бебі мен салдарын жою мақса­тын­да сыбайлас жемқорлық әре­кеттеріне талдау жүргізіледі, мем­лекеттік қызметкерді барынша автоматтантыру бойынша шара қабылданады. ІІО қызметкер­лері­нің бейнетіркегіш арқылы жұмыс істеуіне бақылау ұйымдасты­ры­лып, қауіпсіз жүйені ұйымдас­ты­рудың жаңа тәсілдері енгізіледі.

Азаматтық қорғаныс орган­дарын жаңғырту біріктіру арқылы жүзеге асады. Аэромобильді же­дел құтқару және жедел құтқару жасақтарын өрт сөндіру мен апат­тық құтқару жұмыстары қыз­ме­тіне біріктіру қолға алынады.

Азаматтық қорғаныс қызмет­керлерінің дайындығы Көкшетау техникалық институты базасында шыңдалады. Сондай-ақ Трасса­лық медициналық құтқару пункт­тері мәртебесін, ведомство жұ­мысын Денсаулық сақтау ми­нистр­лігіне беру қарастырылады. Жаңғыру кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Ішкі істер органы қызметкерін артық функциядан арылту да қолға алынды. ҚАЖ жүйесіне де өзгеріс енбек. Мұның бәрі еңбек өнімділігін арттыру мен қауіпсіздікті күшейтуге құрылған дүние.

 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ