Автопарк 136 автокөлікпен толықты
Автопарк 136 автокөлікпен толықты
352
оқылды

Тәртіп сақшысының мін­деттерін атқаруға қажетті деп саналатын барлық керек-жарақпен жабдықталған ав­токөліктер полицияның те­лімдік инспекторларына, патрульдік қызметтегілерге, қалалық, аудандық полиция бөлімшелерінің кезекші бөлімдеріне және уақытша оқшаулау орындарына беріл­ді. Алматы облысында поли­ция­ны жарақтандыру, оның ішін­де автокөліктермен қам­ту жақсы жолға қойылған. Был­тыр ғана 607,6 миллион тең­геге 102 қызметтік көлік ал­ған болатын.

– Қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтама­сыз ету қызметінде ұсақ-түйек деген болмайды. Бұл салада күн сайын өзіне жүктелген міндетті атқаруға кірісетін әрбір тәртіп сақшы­сының жұмысы аса маңызды. Азаматтардың тыныштығы мен қорғалуы әрбір полиция қызметкерінің жауапкер­шілігі мен кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Мемле­кеттің қолдауы арқасында алға жылжыған жылдармен бірге ішкі істер органдарының материалдық-техникалық қам­тылуы барынша нығайып келеді. Полиция қызметкері­нің тұрмыстық және қызмет­тік жағдайы да жақсара түскен. Соңғы екі жылда ғана осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 31 миллиард теңге бөлінгені бұған айғақ бола алады. Осы қомақты қаржы­ның 4,5 миллиард теңгесі материалдық-техникалық базаны жақсартуға жұмсал­ған. Сондықтан сіздерден күтетініміз – өз міндеттері­ңіз­ге деген жауапкершілік пен жұмыс сапасын арттыру. Сонда ғана қылмыс пен құ­қық­бұзушылық азайып, ха­лық­тың сенімі арта түседі, – деген Амандық Ғаббасұлы қызметтестерінің алдынан көрінген тәртіп сақшыларын Құрмет грамотасымен мара­паттады.