Ауыр атлетика Олимпиада ойындарының бағдарламасынан шығарылуы мүмкін
Ауыр атлетика Олимпиада ойындарының бағдарламасынан шығарылуы мүмкін
©olympic.kz
388
оқылды
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) қызметіне қатысты жалғасып жатқан тергеуде жемқорлық фактілері анықталса, ауыр атлетика Олимпиада ойындарының бағдарламасынан шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Olympic.kz. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының соңғы екі сайлау конгресінде сайлаушыларға пара беру өршігені анықталған, сонымен қатар 10 млн доллар алынып, оң нәтиже берген 40 допинг сынамасы жасырылған. Бұл ауыр атлетика бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеудің тәуелсіз тұжырымдары, тергеуді басқарған канадалық заңгер Ричард Макларен жариялаған. Бұл туралы канадалық заңгер Ричард Макларен ауыр атлетика бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуелсіз тергеу нәтижесінде белгілі болды. Тергеу барысында Макларен Тамаш Аянды «IWF-тің» авторитарлық көшбасшысы» деп атады. Себебі, ол халықаралық ауыр атлетика федерациясында 44 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бас хатшы болса, қазірде халықаралық федерация президенті қызметінде. Алайда, Тамаш Аян кез келген заң бұзушылықты жоққа шығарып отыр. ХОК басшысы Томас Бах осы тергеу ісіне қатысты IWF-тің ешқандай мүшесіне ХОК тарапынан келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына аккредитация берілмейтінін айтты.