Бүгін Түркістан облысы және Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің мүшелері бас қосты.
Шымкент қаласындағы ардагерлер үйінде жиналған 40-тан аса жуық абыз ақсақал 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялады.
«Біз, ардагерлер қауымы, Сіздерді алдағы уақытта да осы сабыр мен ынтымақ – бірліктен ажырамауға шақырамыз. Әртүрлі жел сөз бен арандатуға ермеңіздер, жалған ақпараттар таратпаңыздар. Аз ғана сабыр етсек, бәрі оңалады, қалпына келеді. Біз, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның халқың Арыс қаласын қалпына келтіруге, ондағы тұрғындардың қалыпты өмірге оралуына қолдан келгенше көмектесуге шақырамыз». Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Ел басына күн туған осынау қиын-қыстау кезеңде бәріміз бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып, жұдырықтай жұмыла әрекет жасайық. Бұл ісіміз өскелең ұрпаққа үлгі болсын!» делінген үндеуде.
Арыста орын алған жағдай – халқымыздың басына түскен сынақ екені анық. Осы тұста, өңір ардагерлері халқымызды сабырға шақыра отырып, ел басына туған ауыр жағдайдан ынтымақпен, имандылықпен, берекесі жараса әрекет етуге үндеді.