Бірлігіміз бекем
Бірлігіміз  бекем
350
оқылды

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Арыс қаласында қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айт­ты, сондай-ақ жарылыс салдарын жоюға атсалысып жатқан барлық құзырлы орган қызметкерлерінің және волонтерлердің қажырлы ең­бегіне ерекше назар аудартты.  

– Барша қазақстандықтар бір­лігіміздің бекем екенін көрсетіп жат­қанын атап өткім келеді. Еліміз­дің әр түкпірінен азаматтар алаңдаушылық білдіруде, түрлі ұйымдар мен кә­сіп­орын­дардың жұмыскерлері зардап шек­кендерге көмек көрсету үшін бі­рі­гіп жатыр. Бір өңірдің басына түс­кен қиыншылық – бәрімізге ор­тақ мә­селе. Біз халқымыздың ынты­ма­ғы­ның арқасында барлық қиын­дық­ты еңсереміз. Барша қа­зақ­стан­дық­тар­ға ризашылығымды білдіремін, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірді тезірек қалыпты жағдайға оралту және тұрғындарға жан-жақты қолдау көр­сету үшін мемлекет тарапынан барлық шаралар қолданылып жатқа­нына тоқталды.

Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша еліміздегі су ре­сурстарының және су шаруашылығы нысандарының жай-күйі талқы­лан­ды. Сондай-ақ тұрғындар үшін таза ауызсудың қолжетімді болуына жә­не суды үнемдеп пайдалану мәсе­ле­леріне ерекше екпін түсірілді.    

Отырыс қорытындысы бойынша Арыс қаласында жөндеу жұмыс­тарын жүргізу және азаматтардың тұрғы­лық­ты жеріне оралуын ұйым­дастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.


Ерік ЕРДЕНОВ