Еуроодақта ішкі шекаралар ашылады
Еуроодақта ішкі шекаралар ашылады
453
оқылды
15 маусымнан бастап үш айға жуық жабық болған Еуропа шекарасы ашылады, деп хабарлайды Euronews.
«Бельгия, Германия, Нидерланды, Франция, Швейцария және басқа мемлекеттер Еуроодақ ішіндегі, яғни,  Шенген аймағындағы ішкі шекараларын  ашады. Мемлекеттерге тек еуропалықтардың кіруіне рұқсат беріледі. Шенген аймағынан тыс елдер үшін шектеулер өзгеріссіз қалады», - деп жазады басылым.
Автордың хабарлауынша, Испания шекарасы тек 21 маусымда ашылады. Ал Еуроодақ елдері сыртқы шекараны 1 шілдеден бастап ашуы мүмкін.