Көліктерді 1 наурызға дейін не тіркеу керек, не елден шығару керек – Тоқаев
Көліктерді 1 наурызға дейін не тіркеу керек, не елден шығару керек – Тоқаев
514
оқылды
Мемлекет басшысы Қазақстанға заңсыз кіргізілген автокөліктер мәселесіне байланысты өз сөзін айтты, – деп хабарлайды zakon.kz. Президент мәлімдегендей, заңсыз автокөлікпен Қазақстанда заңсыз жүргендер 2021 жылдың көктеміне дейін бұл мәселені шешуі керек. – 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері кедендік баждар мен утилизациялық алымды төлеп, автокөлікті не тұрақты тіркеуге тұрғызуы керек, немесе ел аумағынан шығаруы керек. Болмай жатса, заң бойынша тыйым салынбаған басқа бір жолын табуы тиіс, – деді Қ.Тоқаев. Саясаттанушы Ербол Еділов zakon.kz-ке берген сұхбатында Президент Армения мен Қырғызстаннан келген көліктерге қатысты мәселені шешті деген пікір айтады. «Бұл мәселе билік үшін үлкен проблема тудыруы мүмкін, өйткені халықтың наразылық көңіл-күйі үлкен болды. Оның мәселені осылайша шешкендігі өте жақсы», – деді ол.