Осыған орай, бүгін Nur Otan партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде кез келген елдің өсіп-өркендеуіндегі ақпараттың алар орны мен журналистерге жүктелер жауапкершіліктің салмағына тоқталды.
– «Айқын» мен «Литер» газеттерінің форматы өзгеріп, бұрынғыдан да ықшамдала түсіп, оқырманның сүйікті басылымына, ал Astana TV еліміздегі өзін-өзі қаржыландыратын беделі зор ақпарат құралдарының біріне айналды. Ауыз толтырып айтарлық жетістіктеріміз аз емес. Бұл – бірінші кезекте Nur Media басшылығы мен журналистері еңбегінің нәтижесі. Біз сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз, көрсеткен қолдауларыңызды сезінеміз. Сайлау науқаны барысында штаб жұмысына белсене атсалыстыңыздар. Біздің холдингімізде ісінің нағыз майталмандары жұмыс істейді, – деді Мәулен Әшімбаев.
Партиялық БАҚ жұмысын еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жоғары бағалады. 26 маусымда Мемлекет басшысы Astana TV-ның редакторы Жайна Жақсылықованы Қазақстан Президентінің сыйлығымен, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіпті және «Литер» газеті бас редакторының орынбасары Жанна Ойшыбаеваны алғысхатпен марапаттады.
Ал бүгін Партия Төрағасының Бірінші орынбасары журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, партия мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыстың нығаюына сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді. Қазіргі таңда кез келген елдің дамуы мен ілгері жылжуында ақпараттың алар орны ерекше. Сол себепті, журналистер қауымына жүктеліп отырған міндеттің маңызы зор. Отандық журналистиканың өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан білікті мамандардың елдік мүдде жолындағы еселі еңбегіне тоқталды. Кәсіби мерекемен құттықтап, қажымас қайрат және сарқылмас шабыт тіледі.
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ақпарат саласының ыстығы мен суығына төзіп, кәсіби біліктілігімен көзге түскен «Айқын» газетінің журналистері: Жадыра Аққайыр, Майра Жанысбай, Абылайхан Жұмашевты және «Литер» газетінің тілшілері: Миргүл Жылқышинова, Талғат Исенов, Всеволод Хванды және Astana TV-ның журналистері: Гүлбарам Мендеева, Торғын Оспанбаева, Әлішер Өмірзақты, сондай-ақ NUR Media холдингі бас директорының орынбасары Әзизхан Әбілдиновті алғысхатпен марапаттады.