– Біз ол жерде жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтар қоямыз. Жылдамдығы жоғары ғаламтор желісі де қосылатын болады. Мұнда баспасөз конференцияларын өткіземіз. Сонымен қатар шеберлік сыныптарын да ұйымдастыруға мүмкіндіктер болады. Бейресми түрде түрлі тақырыпта ой бөлісеміз, талқылаймыз. Өзімде сол іс-шараларға қуана-қуана қатысар едім, – деді Ерлан Қошанов.
Форумға шақырылған спикерлер өңірлік журналистердің қалай дамуы мен өзгеретіні туралы айтты. Олардың қатарында белгілі журналистер мен медиа-менеджерлер – Kazakh TV ТК директоры Майя Бекбаева, Informburo.kz ақпараттық порталының бас редакторы Михаил Дорофеев, Ulys цифрлы журналының бас редакторы Ержан Қалымбайұлы, Ortalyq Qazaqstan облыстық газетінің бас директоры Қамбар Ахметов, Бұқар Жырау ауданы «Бұқар жырау жаршысы» газетінің бас редакторы Әлия Жұмақаева болды.
– Өңірлік БАҚ – бұл біздің қоғамның жүйке жүйесі деуге болады. Егер олар инертті немесе жабылатын болса, онда xалықпен байланысты жоғалтамыз. Аймақтық журналистика әрқашан халыққа жақын болуы керек. Әкімнің аузынан билік диалогқа ашық екенін естуге қуаныштымыз. Тек өртті сөндірмей, оны болдырмауға болады, – деп атап өтті Майя Бекбаева.
Спикерлер сондай-ақ қазіргі журналистика мәселелері мен сын-қатерлері туралы айтты. Олардың бірі мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің кері әсеріне тоқталды. Дәйексіз немесе тексерілмеген ақпаратты тарату туралы Іnformburo.kz ақпараттық порталының бас редакторы Михаил Дорофеев айтып өтті. Спикер сондай-ақ журналистердің басты міндеті объективтік, қысымға төтеп беру және шын мәнінде маңызды нәрсе туралы айтуға қабілеті болу еске салды.
Сонымен қатар форумда қазақ журналистикасының дамуы туралы сөз қозғалды.
– Шынында да, Қарағанды – қазақ журналистикасындағы кадрлардың ұстаханасы болды. Облыс басшысы атап өткендей, оған қарағандылық журналистердің тек елімізде емес, шетелде де жемісті еңбек етіп жатқанының дәлелі. Қазақ журналистикасының рөлі еліміздің қалыптасуында, Тәуелсіздікті нығайтуда өте маңызды деп мақтанышпен айтуға болады. Қазақ журналистикасы стратегиялық институттың рөлін атқарады. Мен де Қарағанды журналистикасының мектебінен өттім. Бүгін журналистиканың аға буынын, құрдастарым мен әріптестерімді көргеніме өте қуаныштымын, – деді Ержан Қалымбайұлы.
Бұл күні облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығы табыс етілді. Бұл марапат кәсіби мереке қарсаңында жыл сайын БАҚ үздік қызметкерлеріне кәсіпқойлығы, шығармашылық көзқарасы және қоғамдық танылуы үшін беріледі. Салтанатты рәсімге Қарағанды облысының барлық қаласы мен ауданының журналистері қатысты.
– Президент айтқандай, бізге қазір халықпен ашық және өнімді диалог құру маңызды. Біз өз тарапымыздан өзара диалог құруға әрдайым дайынбыз. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Барлығыңызға шығармашылық табыс тілеймін. Сіздермен одан ары ынтымақтастық орнатуға үміттенемін, – деді аймақ басшысы.
«Алтын Сұңқар» сыйлығы облыста 2006 жылы бекітіліп, содан бері жыл сайын табысталады. Облыс әкімінің сыйлығына әртүрлі номинациялар бойынша жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері ие болды. «Мамандыққа адалдығы үшін» номинациясында журналистика саласының ардагері Аман Жанғожин, «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» номинациясында – Atameken Business Channel аймақтық тілшісі Олег Гусев, «Объектив шебері» номинациясында – «Взгляд на события» газетінің фотографы Дархан Мусин, «Ауыл тақырыбын үздік жариялау» номинациясында – «Қарқаралы» аудандық газетінің тілшісі Бану Мұқашева, «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» номинациясы бойынша – «5 канал» телеарнасының журналисі Бақытгүл Матуова, «Өндіріс тақырыбын үздік жариялау» номинациясы – «Бірінші Қарағанды» телеарнасының бас редакторы Алмас Мұсабеков, «Алғашқы табыстары үшін» номинациясында – «Жаңаарқа» аудандық газетінің тілшісі Мөлдір Қасымова, «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» номинациясы бойынша – «Қазақстан» АҚ РТРК ҚОФ режиссері Айжан Абдрахманова, «Мәнер мен атқарымдылық үшін» номинациясында – Ortalyq Qazaqstan облыстық газетінің жауапты хатшысы Нұрқанат Қанафин, «Еңбек адамы» тақырыбын үздік жариялағыны және насихаттағаны үшін» номинациясы бойынша – «Қазақстан» АҚ РТРК ҚОФ Жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы Жанар Алпысбай иеленді. Сондай-ақ биылғы жылы «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үздік жариялағаны үшін» жаңа номинациясы енгізілді. Бұл номинация бойынша облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің ұжымы жеңімпаз атанды.
Облыс әкімінің 1 млн теңге көлеміндегі басты сыйлығы биылғы жылы Жезқазған қаласының «Дидар» телеарнасы ұжымына берілді.
Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы