Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

16 маусымда Нығматулин кезекті тестілеу өткізді. Өкінішке қарай, сынақ оң нәтиже көрсетті. Бұл ретте диагноз белгісі жоқ деп қойылған.

Мәжіліс төрағасы қашықтан, өзін-өзі оқшаулауда жұмыс істеуін жалғастырып жатыр. Енді, 17 маусымға жоспарланған Мәжілістің жалпы отырысын оның орынбасары өткізеді.
Еске салсақ, бұған дейін 9 және 11 маусымда Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдаған.