Бұл туралы Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
"Қазіргі уақытта елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Инфекция жұқтырушылардың саны өсуде. Дәрігерлерге, медбикелерге және коронавирус инфекциясымен жұмыс істейтін барлық қызметкерге үлкен міндет жүктелді", - деді ол.Оның айтуынша, елордада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 951 дерегі тіркелген.