Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, экспорт және транзит тасымалдарын ұлғайту, көлік қызметінің сапасын жақсарту қажеттігіне назар аударды.
Сауат Мыңбаев Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі қабылданған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшысы контейнерлік тасымалдар саласындағы жағдай, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар мен операциялық іркілістерді азайту туралы мәлімет берді.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар сала басшысына нақты тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваны қабылдады. Университет басшысы Президентке қазақстандық музыка өнерінің жағдайы, қазіргі кәсіби музыкалық білім беру саласындағы негізгі үдерістер мен шығармашылық оқу ордаларын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.
Қазақстан Президенті кадрлардың әлеуетін жетілдіру, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартып, заман талабына сай жабдықтауға назар аударып, бірқатар тапсырма берді.