Халықтың айтарын тыңдай білу керек
Халықтың айтарын тыңдай білу керек
326
оқылды

Бауыржан Байбек партияның белсенділігін арттыруға, атап айтқанда, азаматтармен және әр адаммен диалог орнату жұмысын жандандыруға баса назар аударды.

Оның айтуынша, Nur Otan халық­тың партиясына айналуы керек. Елдің мұң-мұқтажын естіп қана қоймай, тыңдай білген жөн. Сонымен қатар ел­дің әлеуметтік-экономикалық мәселе­сін шешуде Елбасы бастамалары жүйелі іске асады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдар­ламасы кезең-кезеңімен атқарылатын болады. Қоғамда сұраныс жоғары жо­ба­ларды мемлекет қолдайды. Тиімсіз бағ­­дарламалар әр аймақтың мүмкінді­гін ескере отырып, қайта жасалмақ. Прези­денттің сыбайлас жемқорлықты тү­бірімен жою, әлеуметтік аз қамтама­сыз етілген отбасыларға көмек көрсету, азаматтардың құқығын қорғау, бизнесті қолдау және дамыту, бес бастаманы жүзеге асыруды қатаң қадағалайды.

Партия жұмысы заманға сай жүйелі жұмыс істейді. Атап айтқанда, қоғам­дық қабылдау, халықтың проб­лемасын дер кезінде шешудің оңтайлы жолы қарастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі арқылы партияның нәтижелі жұмысы халыққа уақтылы хабарланады. Жұмыс сапасы артады. Әсіресе, анық-қанық ақпарат таратуда жылдамдыққа мән беріледі.

Сондай-ақ партияның Jas Otan Жастар қанатының жұмысы жан­данады. Биыл – Жастар жылы. Олар­дың әлеуметтік мәселесі түбегейлі шешімін табады. Оның ішінде, тұрақты жұмыспен қамту, баспанамен қамта­масыз ету мәселесіне басымдық бе­рі­леді. Қоғамда белсенді, елдің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жастардың еңбегі ескерусіз қалмайды. Олардың елдің дамуына ерекше үн қосатын жо­балары мемлекет тарапынан қолдау табады. Nur Otan партиясы алдағы уа­қытта елдің мұң-мұқтажын тікелей ше­ше­тін басты алаңға айналмақ.