Бауыржан Байбек партияның белсенділігін арттыруға, атап айтқанда, азаматтармен және әр адаммен диалог орнату жұмысын жандандыруға баса назар аударды.
Оның айтуынша, Nur Otan халықтың партиясына айналуы керек. Елдің мұң-мұқтажын естіп қана қоймай, тыңдай білген жөн. Сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуде Елбасы бастамалары жүйелі іске асады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы кезең-кезеңімен атқарылатын болады. Қоғамда сұраныс жоғары жобаларды мемлекет қолдайды. Тиімсіз бағдарламалар әр аймақтың мүмкіндігін ескере отырып, қайта жасалмақ. Президенттің сыбайлас жемқорлықты түбірімен жою, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсету, азаматтардың құқығын қорғау, бизнесті қолдау және дамыту, бес бастаманы жүзеге асыруды қатаң қадағалайды.
Партия жұмысы заманға сай жүйелі жұмыс істейді. Атап айтқанда, қоғамдық қабылдау, халықтың проблемасын дер кезінде шешудің оңтайлы жолы қарастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі арқылы партияның нәтижелі жұмысы халыққа уақтылы хабарланады. Жұмыс сапасы артады. Әсіресе, анық-қанық ақпарат таратуда жылдамдыққа мән беріледі.
Сондай-ақ партияның Jas Otan Жастар қанатының жұмысы жанданады. Биыл – Жастар жылы. Олардың әлеуметтік мәселесі түбегейлі шешімін табады. Оның ішінде, тұрақты жұмыспен қамту, баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне басымдық беріледі. Қоғамда белсенді, елдің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жастардың еңбегі ескерусіз қалмайды. Олардың елдің дамуына ерекше үн қосатын жобалары мемлекет тарапынан қолдау табады. Nur Otan партиясы алдағы уақытта елдің мұң-мұқтажын тікелей шешетін басты алаңға айналмақ.