Биыл қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеу 10 мың тұрғынға шаққанда 161-ден 145-ке дейін төмендеп, оң нәтиже көрсеткен. Аса ауыр қылмыс саны 7,7 пайызға (778-ден 718-ге дейін), орташа ауыр қылмыс саны 12,4 пайызға (84 011-ден 73 594-ке дейін), ауыр емес қылмыс саны 4,7 пайызға (15 589-дан 14 863-ке дейін) төмендеді. Қылмыстың жалпы ашылу саны 73,8 пайызды құрады, оның ішінде аса ауыр санаттағысы – 87,3%, ауыр санатта – 72,7%.
Қасақана кісі өлтіруді тіркеу 460-тан 350-ге дейін қысқарған. Қылмыстың тексерілуі 87,6 пайыздан 88,7 пайызға дейін жақсарды. Жалпы, жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, қылмыстың уақытылы ашылуын қадағалау – ашылмаған қасақана кісі өлтіру дәйектемелерінің азаюына, өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті.
ІІМ-нің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №296 бұйрығымен 2019-2020 жылдарға арналған қасақана кісі өлтіруге қарсы іс-қимыл жөнінде жол картасы бекітілді. Іске асырылуын Криминалды полиция департаменті басшылығы бақылайды. Биыл ведомстволық бақылау тәртібінде 60 қылмыстық-іздестіру ісі, кісі өлтіру ісі бойынша 56 іс қаралды.
2018 жылмен салыстырғанда, биыл мүлікке қарсы қылмыс саны 8,6 пайызға кеміген (96 710-нан 88 336-ға). Тонау – 10,4 пайызға (3 305-тен 2 962-ге), қарақшылық шабуыл – 1,5 пайызға (266-дан 262-ге), ұрлау 12,9 пайызға (73 271-ден, 63 802-ге) қысқарды.
Жалпы, меншікке қарсы қылмыстарды тіркеудің төмендеуі 2015 жылдан бері байқалады. 2015 жыл қорытындысы бойынша – 286 686, 2016 жылы – 282 070, 2017 жылы – 251 163, 2018 жылы – 234 438, 2019 жылдың 5 айында 88 336 қылмыстық іс тіркелген.
Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл мәселелері – ІІМ қызметкерлерінің қатаң бақылауында. Криминалды полиция департаменті 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін мал ұрлығы фактілеріне талдау жүргізді. Осы аралықта 71 993 мал ұрлығы жасалды. 2010 жылы – 3 432, 2011 жы-
лы – 8 553, 2012 жылы – 9 925, 2013 жылы – 11 011, 2014 жылы – 100 22, 2015 жылы – 8 004, 2016 жылы – 7 329, 2017 жылы – 6 391, 2018 жылы 5 598 мал ұрлау фактісі тіркелді.
Мал ұрлығының жолын кесу және ашу бойынша жұмыс ведомстволық бағдарлама шеңберінде жүргізілетін іс-шаралармен ғана шектелмей, алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындар да белсенділік танытып жүр. Ауыл шаруашылығы министрлігі бөлімшелері де өзара іс-қимылға көшті.
Айбике ЖАНАСЫЛ