Екі күннің ішінде еліміздің үздік 240 жас робототехниктері өзара бақ сынасты. Роботтардың дәстүрлі футболынан басқа, негізгі және шығармашылық категориялар биыл 2019 жылдың басты тақырыбы – ақылды қалаларға арналған арнайы Jasampaz санаты құрылды. Осыған орай оқушылар көптеген жобаларын қала өміріне смарт-технологияларды енгізу тақырыбына арнады. Қала құрылысындағы жаңашыл шешімдер, ақылды автотұрақтар мен дәріханалардың жобалары, сондай-ақ экология, жол қауіпсіздігі және басқа да өзекті мәселелерге бағытталған идеялар қазылар алқасына ұсынылды. Үш жас санаты бойынша еліміздің ең үздік роботототехника білгірлері анықталды.
Биыл ұлттық чемпионатқа бірқатар жаңалықтар енгізілді – бұл, бірінші кезекте, іс-шараның облыс орталығында өткізуі, бұған дейін жарыс тек еліміздің астанасында ұйымдастырылатын еді.
– Алғаш рет чемпионат өңірде өтіп отыр және Павлодар қаласында болғаны біз үшін өте маңызды. Бүгін сіздер ақылды, бәсекеге қабілеттісіздер, ертең – тұрақты Қазақстанның негізін қалайсыздар! Сіздер баршаңыз қазірдің өзінде жеңімпазсыздар! – деді олимпиада қатысушыларына өзінің құттықтау сөзінде Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев.