157 үйді жөндеп, 150 баланы қабылдайды
157 үйді жөндеп,  150 баланы қабылдайды
300
оқылды

Жетісулық құрылысшылар барлығы 157 үйді қалпына келті­реді. Өткен аптада об­лыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов бастаған жұмыс тобы Арыс қаласына барып, жағдайды өз көзі­мен көріп, атқарылар жұмыс ауқымын анықтап келіпті. Жұмыс тобы құрамында сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құры­лыс бақылау басқармаларының же­тек­шілері мен «УКС», «Град­центр», «Жөн­деу-Құры­лыс», «Нұр-Шапағат-Құрылыс», «ТехноСнаб-2002» ЖШС құрылыс ком­пания­ларының өкілдері болды.

– Арыс қалсындағы төтен­ше жағдай хал­қымыздың бір­лігі мен ынтымағын тағы көрсетті. Қазақстандықтар алғашқы күн­нен бастап арыс­тық­тарға көмек қолын соз­ды. Жетісу жұртшылығы да сырт қал­ған жоқ. Біз қай кезде болмасын, қайы­рымдылық пен жанашырлықтың үлгісін көрсете білеміз. Соған сай бұл жолы да қо­лымыздан келген­нің барлығын жасау­дамыз. Өңірдің мемлекеттік қызмет­ші­лері бір күндік еңбека­қы­ларын «Түркістан» әлеуметтік қорына аударды. Алғашқы авто­керуенді жөнелтуге об­лыс­тың барлық тұрғыны атса­лыс­ты, 56 миллион теңгенің дү­ние мүлкі мен азық-түлігі жеткізілді. Қа­зіргі кезде тағы 17 миллион теңгенің азық-түлігі, киім-кешегі және тағы бас­қа заттар жиналды. Кәсіпкерлеріміз арыс­тықтарға көмек ретінде 50 миллион тең­­геден астам қаржы аудар­ды. Сонымен бірге, 150 бала­ны қабылдап, Еңбекшіқазақ ау­даны мен Қапшағай қала­сын­да ор­наласқан лагерьлерде жаз бойы демал­дыр­мақпыз, – деген Амандық Ғаббасұлы апат­тың айтып келмейтінін тағы бір қай­талап, сақтық шараларының барынша кү­­шей­­­тілгенін де еске салды. Же­тісулық құрылысшылар өздеріне жүктелген мін­детті бір айда орындауға тыры­са­тын­­ын мәлімдеді.

Болат Бектұр,

Алматы облысы