Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Мәмиге Конституциямыздың толық әлеуетін әлі де кеңірек қолдануға, азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды назарда ұстауға тапсырма берді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады. Кездесуде Парламенттің Жоғарғы палатасының қазіргі жұмыстары және сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, соның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлар сөз болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы, азаматтардың есірткі таратқаны, әсіресе, интернет арқылы таратқаны үшін жазаны қатаңдату қажетін айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылығы үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін заңнамалық нормаға енгізудің маңызды екенін атап өтті.