Ол үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
- тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
- тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
- тауарларды сатып алушыға жеткізетін өз қызметі болса, не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен келісім-шарттары болған жағдайда;
Аталған жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.
Жеңілдіктерді пайдалану үшін, тауарлармен электрондық сауда жасайтын тұлға, бірінші кезекте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс.
Тауарлармен электронды сауда кезінде жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.
Шымкент қаласы бойынша МКД
түсіндіру жұмыс басқармасы