Қосымша құн салығы бойынша тіркеуге қою туралы
Қосымша құн салығы бойынша тіркеуге қою туралы
359
оқылды

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» заңының 534-бабына сәйкес казино, ойын автоматтары залы, тотализатор, букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер қатарына қосылады.

Салық кодексінің 83-бабында ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша көрсетілген тұлғалар Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға құқығы жоқ екені жазылған.

Сонымен қоса, ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша аталған тұлғалар Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ең аз мөлшерлемеден (ЕАК 30000) асқан кезде міндетті түрде қойылуға жатады. 2019 жылы бұл көрсеткіш 75,7 млн теңгені құрады.

Шымкент қ. бойынша МКД
жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы