Осы заңға сәйкес, 2018 жылдың 1 қазан жағдайына болған негізгі салықтық қарыз сомасы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда, өсімпұлдары мен айыппұлдардың берешктері есептен алынатындығы қарастырылған.
2019 жылдың 8 ақпанынан бастап бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енген болатын.
Алайда, салықтық амнистиясы келесі категориядағы салық төлеушілерге қолданылмайды:
- мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
- жер қойнауын пайдалану;
- акцизделетін өнім өндіру;
- жеке немесе дара кәсіпкерлікпен шұғылданбайтын жеке тұлғалар.
Осылайша, салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға мүмкіншілігі жоқ, қаржылық қиыншылықтары бар салық төлеушілерге, қарыздардан құтылып, кәсіби жұмыстарын заң аясында жүргізуге толық мүмкіндік береді.
2019 жылдың 1 шілде жағдайына Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 283 млн тг. құрайтын негізгі қарызын төлеген 1891 салық төлеушілердің 36,4 млн тг. құрайтын өсімпұлмен 214 мың тг. құрайтын айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі шешімдер қабылданған.
Жалпы алдын-ала деректер бойынша ағымдағы жылдың 1-ші шілде жағдайына 2018 жылдың 1 қазанына 3,8 млрд теңге салық берешегі бар 2749 шағын және орта бизнес субъектілері рахымшылыққа жататынын естеріңізге саламыз.
Бұл ретте, шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылатындығын назарларыңызға саламыз.
Сонымен қатар, оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер, бересі сомасын толығымен төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдау қажет.
Салық рақымшылық аясында барлық туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 35-51-87 телефон арқылы және салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласуға болады.
Шымкент қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті