Рухани сала – өзекті
Рухани сала – өзекті
395
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады. Мемлекет басшысына министрліктің атқарып жатқан қазіргі қызметі және ортамерзімді жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті жаңа ми­нистрге заңнамалар мен нормативтік-құқықтық базаны одан ары жетілдіру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» және «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын, туризм, спорт, мәдениет және тіл саясаты салаларындағы жобаларды іске асыру жөнінде бірқатар міндет қойды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт қайрат­керлерінің әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту, жергілікті атқарушы орган­дармен және бизнес-құрылымдармен өзара ықпалдастықты нығайту бойынша жұ­мыстарды жандандыру қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханды қабылдады. Кездесу барысында халық­тың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұ­мыссыз­дықты жою, жемқорлықты ауыз­дық­тау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемле­кет тарапынан жасалып жат­қан қадам­дар­ды халыққа жеткізу, тү­сіндіру мәселелеріне мән беру керектігін айт­ты. Депутат Бек­болат Тілеухан рухани са­ланы дамытуға, оның ішінде «Абай жы­лын» атап өтуге қатысты өз ұсы­ныс­тарын білдірді.