Қазақстандықтар коммуналдық қызметтер үшін 13 миллиард теңге қарыз – Энергетика министрі
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтер үшін 13 миллиард теңге қарыз – Энергетика министрі
478
оқылды
«Жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық қызметтерге қарызы – 13 миллиард теңге. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 780 миллион теңгеге көп», – деді Нұрлан Ноғаев.
Министрдің айтуынша, қарызы қордаланған қалалар: Нұр-Сұлтан – 1,9 миллиард теңге, Алматы – 2,2 миллиард теңге, Шымкент – 1,9 миллиард теңге. Сонымен қатар Маңғыстау облысының тұрғындары 1,5 миллиард теңге қарыз.
«Әкімдіктер дебиторлық берешекті өтеу және азайту бойынша жүйелі шаралар жүргізіп жатыр», – деді Ноғаев.