Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының жүлдегерлерін, яғни Шымкент қаласы Еңбекші ауданының тұрғыны – Әсия Ахметованы және Еңбекші ауданының тұрғыны – Ақмарал Утегенованы iPhone 7 ұтыстарымен марапаттады.
Департамент басшысы Нұралхан Оралбайұлы Көшеров бақытты жеңімпаздарға iPhone 7 моделін сыйға тартып, азаматтық белсенділігін танытқаны және акцияға қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Шаһарымыздың әр тұрғыны, сауда-саттық жасағанда немесе қызмет түрін алған кезде, бақылау-касса машинасының чегін талап ету арқылы көленкелі экономиканы төмендетуге және салық салу мөлшерін көбейтуге зор үлесін қосатыны анық.
Ұтыс иелері – Әсия Ахметова өзі және ағайын-туыстары Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан өткізіліп жатқан акцияға әр жылы қатысатындықтарын, ал Ақмарал Утегенова өзінің телефон нөмірін жүлдегерлер тізімінде көрген сәтте, құанышқа бөленгенін айтып, қаланың барлық тұрғындарын Акцияға белсенді қатысуға шақырды.
Жалпы республикалық «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап 8 тамызға дейін жалғасады.
Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері қатысады.
Акцияны өткізудің мақсаты – азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту.
«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның азаматтары қатыса алады. Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.
Шымкент қаласы бойынша МКД
түсіндіру жұмыс басқармасы