Көпқабатты үйдің пәтер иелеріне жер салығы салынбайтын болды
Көпқабатты үйдің пәтер иелеріне жер салығы салынбайтын болды
283
оқылды
Бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы талқыланып жатыр.
«Салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемесін, есептеу және төлеу тәртібін) өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылады, 2 салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте, көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады», – деді министр.
Руслан Дәленовтың айтуынша, салық төлеушілерге қолайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімін биылғы 31 желтоқсаннан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылып отыр.