Ашық праймериз Қазақстан тарихында алғаш рет өткелі отыр. Бұл билік партиясы үміткерлері мен қоғам азаматтары арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін арттырады. Модель шетелдік тұлғалар тарапынан үміткерді қаржыландыруға шектеу қоятын нақты шаралардың арқасында үміткерлер арасындағы бәсекелестікті арттырады.Сонымен қатар алғаш рет үміткерлер арасында ашық пікірталастар өткізу міндеттелген әрі ол барша азаматтар үшін трансляция жасалады. Бұл дауыс беру кезінде мейілінше негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Дискуссия сонымен бірге Қазақстанда Nur Otan жасақтап, енгізіп жатқан жүйенің демократиялық сипатын қолдауға жәрдемдеседі.
Партияның бастапқы таңдау үшін енгізген квота жүйесі Қазақстандағы демократиялық реформалар мен дамудың масштабын көрсетеді. Бастапқы іріктеу кезінде үміткерлердің кем дегенде 30 пайызы әйелдерден, тағы 20 пайызы жастардан құралуы керек. Аталған екі квотаны қалыптастыру мотивациясының екі сипаты бар. Біріншіден, әйелдер квотасы олардың мүмкнідіктері мен құқын кеңейтіп, олардың саяси және азаматтық процестерге араласуына ықпал етеді. Ал жастарға келсек, квота олардың демократиялық процестер мен сайлауға қатысуына түрткі болады. Праймериз жас буын үшін шынайы мүмкіндіктері бар үміткерлерге қол жеткізуге, билік партиясындағы басқарушы лауазымдарға сайлануға және үкімет шешімдеріне араласуға мүмкіндік береді.Nur Otan партиясы бастаған осынау реформалар – Қазақстанда қалыптаса бастаған жаң саяси мәдениеттің бір бөлшегі. Бәсекеге түскен үміткерлері бар, бәсекелестікке негізделген саяси философиясы мен ұстанымы бар партия елдің мүддесін де қорғайды. Демократиялық мәдениеттің бұлай дамуы балама көзқарастар мен пікірлердің айтылуына мүмкіндік беріп, азаматтық белсенділіктің артуына ықпал етеді.
Әрине, мұндай арнайы квота бөлу тәжірибесі Бельгия, Франция мен Германия тәрізді дамыған Батыс Еуропа елдерінде бар болғанымен, мұндай шара Қазақстан тәрізді Орталық Азияның дамушы мемлекеті үшін теңдессіз фактор. Бұл – барлық демократиялық реформаторлар мен белсенділер үшін монументалды және сейсмикалық сілкініс.Маған, америкалық азамат үшін, өзге халықтар, біздің одақтастарымыз біздің құнды демократиялық моделіміз бен сайлау процесімізге ұмтылып жатқанын көру мақтаныш сезімін ұялатады. Ал Қазақстан тәрізді елдердің өздерінің саяси жүйесіне тиімді әрі ұзақ мерізімді демократиялық реформаларды енгізу бастамасын қолға алуы тіптен мол үміт күттіреді. Бізге осындай ынтаға назар аудартып, қажет кезде оны тиісті деңгейде мойындауды қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеліп отыр. Қазақстан мен Nur Otan саяси партиясы, расында құрметке лайық.
Джесси Джейн Дафф, Лондон саяси зерттеулер орталығының қызметкері және Трампты қолдаушы Ардагерлер кеңесінің тең төрағасы