Жасампаздық кезеңi
Жасампаздық кезеңi
330
оқылды

Елорда күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы оқиғамен құттықтаймын! Біз Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың еліміздің ең жоғарғы билі­гіндегі өкілеттігінің 30 жылды­ғына орай фотокөрме ашып отыр­мыз. Бұл, әсіресе, жастар үшін қажет. Себебі, аға буын елі­міздің елең-алаң шақтарында қиын жылдардың қалай бол­ғанын, тосқауыл жайттарды қа­лай еңсергенін, халықты толған­дыратын өте күрделі мәсе­ле­лердің қалайша шешімін тап­қанын жақ­сы біледі, – деді әкім құт­тық­тау сөзінде. Ол сондай-ақ Елба­сының астананы көшіру туралы тарихи шешім қабыл­да­ған кездегі қиын уақыты туралы еске салды. 

– Біздің тамаша елордамыз 21 жыл ішінде бүкіл әлемге та­нылды. Бұл ретте өзіндік басқару моделін қалыптастырған Елба­сының тарихи рөлі әркез жоғары. Біз басқа елдерден, еліміздің өзге өңірлерінен келген туристер мен қонақтар өткен тарихымызды, Елбасы дәуірі елдің дамуына қалай әсер еткенін терең түсініп, есте сақтағандарын қалаймыз, – деді А.Көлгінов. 

Көрмеге келушілер назарына Қазақстанның Тұңғыш Прези­ден­тінің өмірі мен саяси өмір­баянының маңызды кезеңдерін, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан та­рихының ең басты сәттерiн көрсететін фотоматериалдар мен көркем суреттер ұсынылды. 

«Нұрсұлтан Назарбаев: жа­сампаздық кезеңi» фотокөрмесі өткен ғасырдың 1990 жылдарынан бастап қазіргі күнге дейінгі ке­зеңді қамтиды. Экспозицияда Нұр-Сұлтан қаласының мемле­кеттік мұрағатының жиналы­сынан, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапха­насынан, Қазақстан Суретшілер одағынан және National Geographic Qazaqstan журналынан 90-нан астам фотосурет пен көр­кем суреттер ұсынылды. Олардың авторлары ақпараттық агент­тіктерде, еліміздің алдыңғы қа­тарлы мерзімді басылымдарында жұмыс істеген және жұмыс істей­тін танымал отандық фото­граф­тар. Елорда тұрғындары мен қо­нақтары еліміздің әлеуметтік-маңызды нысандарының ашы­луында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сөйлеген сәттерiн, әлемдік көшбасшылармен кез­десу кадрларын көре алады. Көр­меге шамамен 45 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарла­нып отыр. Экспозицияларды 2019 жылдың 1 тамызына дейін «Нұр­жол» бульварынан тама­шалауға болады.


Тұмар МЫРЗА