Жеңіс парадында танк көпшілікті жапырып кете жаздады
Жеңіс парадында танк көпшілікті жапырып кете жаздады
© "Подъем"
304
оқылды
Севастопольде Жеңіс күніне арналған шеруде танк көпшілікті жапырып кете жаздады. Бұл туралы "Подъем" басылымына осы іс-шараға қатысқан куәгер айтты. Оның айтуынша, оқыс оқиға Нахимов алаңына қарай бұрылыста болған.
- Танктер колоннасын бастап келе жатқан Т-34 танкі бұрылудың орнына кенеттен тікесінен тартты. Көрермендер, әрине мұндайды күтпеген, тіпті қорыққандарынан орнынан тыпыр ете алмай қалды. Құдай сақтағанда, әскери полиция дереу әрекет етіп, танкті тоқтатты, тіпті оны сол арада жөндеді. Содан кейін танк жұмыс істеп, қайтадан қатарға қосылды. Бұл, негізінен көне танк екен, 75 жылғы бұрын парадқа арналып, жөнделіп, қатарға қосылыпты, - деді ол.