Дүниеге келген нәрестелерге домбыра тарту етті
Дүниеге келген нәрестелерге домбыра тарту етті
312
оқылды

7 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпрофильді қалалық аурухананың перинаталды бөлімшесінде және «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері дәл осы айтулы күні дүниеге келген нәрестелерге ҚХА логотипі бейнеленген қасиетті домбыраны тарту етті.

Бұл акция Қазақстанның жаңа туған азаматтары мен олардың ата-аналарына балаларын рухани қалыптастыру жолындағы маңызды бағдар болмақ.

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры С.Ф. Мажитов сәбилерін құшақтарына жаңа алған аналар мен білікті дәрігерлерге құттықтау тілегін білдіре отырып, ҚХА-ның сәбилерге жолдаған арнайы хатын тапсырды.

Өз кезегінде жас босанған аналар тәрбиелік мәні зор осындай іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

P.S. ҚХА акциясы ежелгі дәстүр – әр үйде домбыра болуын, оның ата-бабалардың сан ғасырлар бойғы тарихы мен мәдениетінің сақталуына жәрдемдесіп, ұлттық кодты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан нышаны ретінде әр үйдің төрінде тұруын жаңғыртуды көздейді.