Атап айтқанда, 2019 жылдың әр тоқсаны сайын онлайн БКМ қолдануға 633 қызмет түрлері қосылады:
- 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 323 қызмет түрлері бойынша;
- 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрлері бойынша;
- 2019 жылдың 1 қазанына бастап 224 қызмет түрлері бойынша.
Осылайша, 2019 жылы онлайн БКМ қолдануға барлық қызмет түрлері толығымен қосылады.
Онлайн БКМ қолдану бойынша ережелер қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды.
БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166 бабымен реттеліп, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiліп, келесі тұлғалардың ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды:
1) жеке тұлғалардың;
2) адвокаттар мен медиаторлардың;
3) қызметін:
- 2020 жылдың 1-қаңтарына дейін патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;
- 2019 жылдың 1-қаңтарына дейін ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;
- 2020 жылдың 1-қаңтарына дейін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
4) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
6) екінші деңгейдегі банктердің.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz/ru/content/primenenie-kontrolno-kassovyh-mashin-1 интернет-ресурсында орналастырылған.
Шымкент қаласы бойынша МКД
түсіндіру жұмыс басқармасы