Арыс өңірінде болған жарылыстың салдарынан зардап көрген үйлерді қалпына келтіру бойынша, Арыс қаласын бірнеше секторға бөлген болатын. Атырау облысының үлесіндегі секторда 482 үйді қалпына келтіру жұмыстары бар. Соның ішінде 24 үй жарылыстың салдарынан мүлдем жойылған. Ал қалған үйлердің терезелері, төбелері және ішкі құрылыс бөліктері сынған.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына техникалар мен бес жүзгеге жуық адам жұмылдырылған. Аймақ басшысының орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі және басқарма басшылары Арыс қаласында міндеттелген жұмыстар толық аяқталғанша болатын болды.
– Арыстағы төтенше жағдай орын алғаннан кейін, атыраулықтар да көмек көрсету шарасына белсенді араласып кетті. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің, тұрғындардың ашылған шотқа аударған 100 млн-дай қаражаты бүгінгі күнде аударылып отыр. Одан басқа, атыраулықтардың жинаған азық-түлігі, киім-кешегі, басқада тұрмыстық жағдайға қажет заттардың 4 жүк машинасы Арысқа жеткізілді. Атыраулықтар «Арыс, біз біргеміз!» акциясының қатысушылары ретінде, Арыстағы жағдай толығымен бітпейінше, көмек беру іс-шараларын ары қарай жалғастыра береді, – дейді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Атырау облысы