Әлібек Әлденей Nur Otan партиясының хатшысы болып тағайындалды.
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек twitter-дегі парақшасында Әлібек Әлденей Nur Otan-ның хатшысы болып тағайындалғанын жазды.
«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды» делінген жазбада.