Мұнайымызды өңдеуге Татарстан қосылады
Мұнайымызды  өңдеуге Татарстан қосылады
363
оқылды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Татарстан президенті Рустам Минни­хановпен кездесіп, мұнай-газ бен химия өнеркәсі­біндегі ынтымақ­тастықтың келешегін талқылады. Кездесуде қордың қоржындық компаниясы – «ҚазМұнай­Газ»ҰК» АҚ мен «Татнефть» ААҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат Қазақстанда мұнай өңдеу, мұнай-химия және газ-химия нысандарын жобалау мен жаңғырту, сондай-ақ мұнай өндіру технологияларын, цифр­лық технологияларды енгізу бо­йынша жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастықты реттейді.

«Татнефть» ААҚ – ресейлік ірі мұнай-газ компанияларының бірі болып саналады. Сонымен қатар, Еуразияда осы сала бойынша көш­басшылар қатарында. 2018 жы­лы бұл компанияның нарықтық капитализациясы 1,7 трлн рубльді ($ 24,6 млрд) құраған. «Татнефть» тобына 100-ден астам кәсіпорын кіреді. Ол кәсіпорындардың әрқайсында кемінде елуден астам адам еңбек етеді. Ал «ҚазМұ­найГаз» ұлттық компаниясы – еліміздің мұнай-газ саласындағы мемлекет мүддесін білдіретін көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаушы қазақстандық оператор. Ком­па­ния Қазақстандағы мұнай мен газ конденсатының 26 пайызын, та­биғи және ілеспе газдың 15 па­йы­зын өндіреді, магистральды құ­бырлар арқылы мұнай тасымал­даудың 56 пайызын және магис­траль­дық құбырлар арқылы таби­ғи газды тасымалдаудың 79 па­йызын қамтамасыз етіп отыр.

Татарстан президенті Рустам Минниханов сауда миссия­ла­рының шетелдік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы маңызын атап өтті. Айта кетейік, Татарстан – мұнай-химия өнеркәсібі саласын да­мытқан елдердің бірі.

Тараптар, сонымен бірге Қа­зан қаласы маңындағы «Инно­полис» инновациялық орталы­ғында қормен бірге болашаққа жоспарланған ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Атап өтсек, ғылыми, жоғары техно­логиялық экожүйелерді құру, соның ішінде бизнес-модельді қалыптастыру, одан күтілетін нәтижелер мен инвестиция тарту бойынша тәжірибе алмасу са­лаларын сөз етті.

Кездесу соңында қор бас­шы­сы Ахметжан Есімов Татарстан президентіне жекешелендіру бағдарламасын ұсынды. Еске салсақ, қор 2015 жылы Қазақстан Үкіметі қабылдаған Кешенді жекешелендіру жоспарын орын­дауға қатысады. Аталған жоспарға енгізілген қор тобы активтерінің 80 пайыздан астамы жүзеге асырылды. Олардың қатарында «Қазатомөнеркәсіп» компания­сының 15 пайыз қатысу үлесі
2018 жылдың қараша айында IPO-ға орналастырылды. Сон­дай-ақ алдағы жылдары қордың негізгі сегіз компаниясын – «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «Қаз­Мұ­найГаз», «Самұрық Энерго», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» және Qazaq Air компанияларының акцияларын орналастыру немесе стратегиялық сату жоспарланып отыр.