Сәбиді ұрлаған кім?
Сәбиді ұрлаған кім?
347
оқылды

Осы жылдың 8 шілде­­сінде Тараз қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына әйел облыстық перинаталдық орталықтан хабарласып, жаңа туған нәрестесінің ұрланғанын мәлімдеген болатын.

Баланы іздестіру опера­ция­сын Тараз қалалық полиция бас­қармасының бастығы по­лиция полковнигі Ардақ Ма­димаров басқарды. Қылмыстың жедел ашылуына облыс орта­лығының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белсенді қатысып, олардың кү­шімен бейнекамералардағы материалдар зерделенді. Жақын маңдағы барлық тұрғын үй секторы, қонақүйдің барлық нө­мірі тексерілді. Нәтижесінде нәресте қонақүйлердің бірінен табылды. Ауыр қылмыс екі сағат ішінде ашылып, бала анасына қайтарылды.

Баланы алып кетті деген кү­дікпен Жамбыл ауданы Қара­ке­мер ауылының 22 жастағы тұр­ғыны ұсталды. Қазір оған қа­тысты Қыл­мыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (адамдар тобының ал­дын ала сөз байла­суы­мен кәме­летке толмағандар саудасы), оның санкциясы мүл­кін тәркі­леумен 10 жылға дейін бас бос­тандығынан айыруды көздейді. Сондай-ақ, күдіктінің кішкентай сәбиі бар екені ес­керіле отырып, бұлтартпау ша­расы қарасты­ры­п жатыр дейді құ­зырлы сала қызмет­керлері.

 

Жамбыл облысы