Әкімдер әлін білсін, ел-жұрттың халін білсін...
Әкімдер әлін білсін, ел-жұрттың халін білсін...
298
оқылды

Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.

Қазақстан Президенті өз сөзінде өңірлердің әлеуметтік-экономика­лық даму мәселелерін шұғыл шешу үшін әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер корпусына халықтың талаптарын жүйелеуді және оларды шешу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуді, сон­дай-ақ олардың қажеттілігі өңірдің әлеуметтік жол картасында көрініс табуы керек екенін тапсырды.

Мемлекет басшысының пікірін­ше, өңірлік билік облыстар мен қалалардағы тұрақтылық үшін жауапкершілікті өздеріне алуы тиіс.

Сонымен қатар Қазақстан Прези­денті алдағы астық жинау нау­қанына дайындық жұмыстарын жүргізуді, дала мен орман өрттерін ескерту және оның алдын алу шара­ларын қабылдауды, сондай-ақ жылу беру маусымына әзірлік жүргізуді, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық нысандарының тоқтаусыз жұ­мыс істеуін қамтамасыз етуді тап­сырды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қойылған барлық міндеттің іске асырылуын бақылауды Президент Әкімшілігіне жүктеді.