Коронавирустан қаза болғандардың саны - 188-ге жетті

Коронавирустан қаза болғандардың саны - 188-ге жетті

Сoronavirus2020.kz сайты хабарлағандай, коронавирустық инфекциядан бес адам қайтыс болды.

Оның біреуі - Шымкент қаласының тұрғыны. Ер адам 1969 жылы туған. Екіншісі - 1949 жылғы әйел. Ол - Қарағанды ​​облысының тұрғыны. Ал Батыс Қазақстан облысынан бір әйел мен екі ер азамат қаза болды. Ер азаматтың бірі 81 жылғы болса, екіншісі - 63 жылғы екен. Әйел болса 1938 жылы дүниеге келген.
Зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциясынан қаза болған деп тіркеді. Жалпы, Қазақстанда бұл дерттен - 188 қаза тіркелді.
  • Нұр-Сұлтан - 61;
  • Алматы - 26;
  • Шымкент - 15,
  • Ақмола облысы - 14,
  • Ақтөбе облысы - 4,
  • Алматы облысы - 1,
  • Атырау облысы - 6,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 4,
  • Жамбыл облысы - 1,
  • Батыс Қазақстан облысы - 10,
  • Қарағанды ​​облысы - 14,
  • Қостанай облысы - 3,
  • Қызылорда облысы - 2,
  • Маңғыстау облысы - 3,
  • Павлодар облысы - 13,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 2,
  • Түркістан облысы - 9