Жеке кәсіпкер жеңімпаз атанды
Жеке кәсіпкер жеңімпаз атанды
323
оқылды

Қызылорда қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік көрме-конкурсында қазалылық жеке кәсіпкер Гүлзат Билсариева «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Бастау-Бизнес» жобасы­мен оқу курсын аяқтап, кәсі­бін бастаған Гүлзат түрлі мата­­дан әйелдерге арналған сән­ді көйлектер тігумен айна­лысады. Кәсіпорнында білікті тігіншілер жұмыс істей­ді. Аз уақыт ішінде сапа­лы әрі сәнді киім үлгілерін тігу арқылы тұтынушы­ларының саны артып, тауары сұранысқа ие бола бастаған кәсіпкер алдағы уақытта цехты ұлғайтып, басқа да киім үлгілерін тігуді жоспар­лап отыр.

Айта кетейік, өңірлік кәсіп­кер­лер палатасының ұйымдас­ты­­руы­мен өткен шараға Қаза­лы ауданынан «РЗА» АҚ-ның сүт өнімдері, өзінің тігін бұ­йым­дарымен Шакарбан Тұр­ған­баева, әйел­дер­ге арналған сәнді көй­лек­терімен жас кәсіп­кер Ақбота Есекей, түрлі ди­зайн­­­дағы бас киімдерімен Әзи­ма Дүрхан, «Томпи» поп­корн өнімдерімен Гүлсая Құтжа­нова, конди­тер­лік өнім­дері­мен Шарапат Жаңагүл қатыс­ты.

 

Эльмира АҒАБЕК