Атыраудағы халықаралық автошеру

Атыраудағы халықаралық автошеру

Солтүстік және Оңтүстік Кореяны қосқанда жеті елге баратын халықаралық «Зов предков – 2019» автошеруі жексенбі күні Атырау қаласына аялдап, Достық үйінде кездесу өткізді.

Атырау қаласындағы Достық үйі алдында автошеруге қатысу­шы­ларды қала басшылығы, мен қала тұрғындары, аймақтағы әр ұлттың өкілдері сән-салтанатпен қарсы алды.Ұзақ жол-сапарға шыққан автошеру керуені мүше­лері­мен кездесуде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев қатысушыларға өңірі­мізге келгендері үшін алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

– Атырау – еліміздің мұнайлы астанасы. Елімізде әртүрлі ұлттың өкілдері ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Бүгінгі автошерудің мақсаты да елдердің ара-қаты­насын нығайту және халықаралық байланыстарды арттыру. Алдағы автошеруде жолдары­ңыз болсын, – деген қала шаһары басшы­сының орынбасары Ұлық­бек Тналиев автошеруге қатысу­шы­ларды құттықтап, сәт сапар тіледі.

Халықаралық автошеру Ре­сей ­халықтарының ассамблея­сы және жалпыресейлік қоғам­дық ұйымдардың ұйымдастыруы­мен Мәскеу қаласынан бастау алған болатын.

Бұл шеру Мәскеу – Ташкент – Нұрсұлтан – Ұлан-Батор – Пхеньян – Пекин – Сеул – Мәс­кеу бағыты бойынша жүреді. Автошерудің негізгі мақсаты – ел халықтарының бірлігін және халықа­ралық байланысты ны­ғайту.

Автошеруге қатысушылар, әр елдің даму сатысын, тұрғылықты халқының тұрмысы мен салт-дәстүрімен таныс болып, салыс­тыр­­малы түрде зерделеп, адами қасиетте­ріне баға беріп отырады. Өйткені қазақстанның қай айма­ғы да қо­нақ­жайлығы­мен, салт-дәс­түрінің ерекшелігі­мен есте қалады. Оны автошеруге қаты­сушы­лар­дың өздері де айтты.

Автошеруге қатысушы «Единство» журналының бас ре­дак­торы Александр Шин ыстық ықыласпен күтіп алған Атырау жұртшылығына алғысын білдірді.

– Автошеруге қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Ұзақ жолда жүру оңай емес, дегенмен жолы­мызда әртүрлі қызықты жайттар кездесті. Атырау өңі­рі­н­е де ке­ліп жетіп, қонақ­жай­лық­қа куә болып жатырмыз. Кү­­тіп алған­дарыңыз үшін рақ­ме­ті­мізді айтамыз деді, – Александр Шин.

Автошеру 9 шілде күні Мәскеу қаласынан бастау алып, 10 автокөлікпен 30 мың шақырымды жүріп өтуді мақсат етіп жолға шықты.

 

Атырау облысы