Ертең Ай тұтылады
Ертең Ай тұтылады
393
оқылды

17 шілдеде халық Айдың тұтылғанын тамашалай алады.

Ай Жердің көлеңкесіне толық кіргенде толықтай тұтылады. Бұл жолы Айдың беті толық жабылуы мүмкін.

Ай толықтай Жердің көлеңкесінде қалса, толық тұтылған деп есептеледі. Егер жартылай кірсе, жартылай тұтылған болып саналады. Жартылай тұтылуда Ай Жер көлеңкесінің 66 пайызына кіреді. Құбылыс 17 шілде күні елорда уақытымен түнгі сағат екіде байқалады. Айдың оң жағында оңтүстік нүктеде Сатурн байқалады. Одан оңға қарай Юпитер тұрады. Ең максималды фаза сағат 3:30-да байқалады. Бұл кезде Ай оңтүстік-батысқа қарай биіктегені көрінеді. Шығыс ақырындап жарқырай бастайды. Жартылай тұтылу таңғы бесте аяқталады. Бұл кезде Ай горизонтқа кіріп, шығыста 5 сағат 8 минутта көтеріледі. Астрономдар Айдың тұтылуын үнемі бақылайды.